Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұмауға шалдыққан науқас коронавирус жұқтырса не болады?

Тұмауға шалдыққан науқас коронавирус жұқтырса не болады?

Kyzylorda-news.kz. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин тұмауға қарсы вакцина егуге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Бұл өте маңызды мәселе. Себебі коронавирус пен тұмаудың белгілері, олардың асқынуы да бірдей. Тұмаудың, ОРВИ, жіті респираторлық вирустық инфекциялардың асқынуы пневмония болып саналады. Осы мәселені басқа ведомство мамандарымен талқыладық. Екпе жұмыстарын белсенді түрде жүргізу керек. Тұмауға бір ай, екі-үш аптадан кейін коронавирус инфекциясы қосылса, науқастың иммунитеті шыдай алмайды», – деді Бекшин.
Сонымен қатар қаланың бас санитар дәрігері қалада күн сайын коронавирустың бар-жоғын анықтайтын 4 мыңға жуық тест тапсырылып жатқанын және бұл нәтижені 14 200-ге жеткізу жоспарланғанын айтты.
«ПТР-тестпен қатар популяциялық иммунитетті енгізуді және зерттеуді жоспарлап отырмыз. Олар қазір жүргізіліп жатыр. Бізде жеке зертханаларда тұрғындардың 7000-ға жуық тест тапсырғаны туралы мәлімет бар. Бұл жұмысты да арттырамыз», – деді Жандарбек Бекшин.
Сонымен қатар Бекшин Алматыда локдаун аяқталғанша карантин режимі жеңілдетілмейтінін мәлімдеді.
23 шілде 2020 ж. 622 0