26 шілде: Ел тарихында орын алған оқиғалар
1920 жылы Кеңестер съезінде Сәкен Сейфуллин Ақмола атқару комитеті мүшелігіне қабылданды және комитет төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
1968 жылы 6000 сөз бен түсінік енген «Абай тілі сөздігі» жарық көрді.
1989 жылы Қазақ ССР Компартиясы ОК жанындағы комиссия қазақтың көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері, қазақ прозасындағы ең алғашқы роман «Бақытсыз Жамалдың» авторы Міржақып Дулатовтың шығармаларына дұрыс бағасын беріп, оларды жариялау туралы, әділеттілікті қалыптастыру туралы қорытынды шығарды.
1999 жылы Қазақстан Республикасының «Барыс» ордені белгіленді. Бұл орден Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін нығайту iciнe; бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халкының бірлігін қамтамасыз етуге; мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметте; халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға; ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытуға; мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытуға ciңipгeн ерекше еңбегі үшін табысталады. «Барыс» орденінің үш дәрежесі бар.
https://kyzylorda-news.kz/