«Коронавирусты емдеймін» – қызылордалық емші туралы дәрігер пікірі
Қызылорда қаласында өзін емшімін деп таныстырған Кенжебай Тоғызбаевтың «адамдарды коронавирус пен пневмониядан бір минутта емдеп шығарамын» деген бейнежазбасы әлеуметтік желіні шарлап кетті, деп хабарлайды stan.kz.
Емшінің емдеу процесі адам шошытарлық. Тарап жатқан жазбаларда Кенжебай Тоғызбаев науқастанғандарды жатқызып қойып, адамдардың арқасын аяқпен басып береді. Дертті дәрісіз жазамын деген азамат тіпті өзіне қасиет дарығанын айтады.
Ал медициналық қызметкерлер емшіден емделу жағдайды ушықтыратынын айтты.

Індетке шалдыққандарға дәрісіз шипа беремін деген Кенжебай Тоғызбаевтың үйі адамға толы. Емшіден жәрдем сұраған жандар еліміздің әр түпкірінен келіпті. Ем іздеп келгендердің ешқайсысы медициналық маска тақпаған. Ал бұрын инженер болып жұмыс жасаған, медициналық білімі жоқ 70 жастағы Кенжебай қария әлемді әбігерге түсірген індетті үйінде отырып емдеп жатыр.«Карантин қыру үшін ғой. Ал мен болсам, тірі қалдыру үшін жұмыс жасап жатырмын. Кешегі күннің өзінде 200-ден артық адам келіп кетті. Медицина мен біздің көзқарасымыз сәйкес келмейді», – дейді Кенжебай Тоғызбаев.
Ал медициналық қызметкерлер емшіден емделу жағдайды ушықтыратынын айтты.
«Халықтың арасында наным-сенім көп. Халық емшісіне барады. Емшілерден емделдім деп асқындырып алып жатқан адамдар бар. Емшілер емдемейді», – дейді дәрігер Руслан Төлебаев.