Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қасқыр апа": Ерекше емшінің қасиеті

"Қасқыр апа": Ерекше емшінің қасиеті

Назым есімді емші апа бір күні қатты ауырып, орнынан тұра алмай қалады. Сол ауырғаннан 10 жылға жуық уақыт бойы сөйлеу қабілеті нашарлап, қиналып жүреді. Бір күні тәуекелге бел буған ол молдаға барып, дем салғызып, молданың бағыттауымен емшілік жолға түскен. Назым Төленова өзін бақсы деп есептейді."Бақсы, көріпкелмін. Мен  ұстазымнан сұраған кезде "Бақсы деген ең жоғарғысы, екі дүниенің ортасында жүрген елші" деді. Менде көріпкелдік пен емшілік болды. Ұстазым біреуін таңда деді. Әкемнің шешесі бақсы болды. Ол кісі өлер кезінде елдің бәрі тамақ беріп болған соң, кимешегін киіп, қобызын тартып, аспанға ұшып кеткен", - дейді Назым Төленова.
Назым Төленоваға тіпті Испания футбол командасының қақпашысы келіп емделген көрінеді. Қарияның айтуынша ол дәл сол футболшының қақпаға қанша гол салатынын алдын ала болжаған.
Сонымен қатар, бақсы талай бала көтере алмай жүрген әйелдердің емін тауып, қасқырдың жатырын қолданып дертіне шипа табатын көрінеді. Назым апа қасқырдың жатырын алу өте қиын, ол киелі болғандықтан кез келген қасқыр бірінші жатырын жеп қояды дейді. Ол кісінің сөзінше қасқырдың жатырын алып, қолданған адам бақытты болып кетеді.
"Емшілікті бастағаннан кейін Ауғанстаннан бір әйелдер келіп, қасқырдың жатырымен емдеп көр деді. Қасқырды атқан кезде домалап, жатырын жеп қояды. Қасқырдың жатырын кім алса, сол бақытты болады. Оны алу қиын. Әйелдерді бір апта оқимын, содан соң қасқырдың жатырын тағып алады", - дейді Назым Төленова. 
Алайда, психологтар бұл мәселе жөнінде өзіндік болжамдар ұсынады. Олардың айтуынша бақсы, балгер, емші, көріпкел атаулылардың көбі адам психологиясын жақсы білетін, сенімге кіре алатын жандар екен. Ал екі дүниенің арасын байланыстыратын елшімін деген бос әңгіме.
"Әйел адамның тумауының себебі неврологиялық стрестің қысым жағдайы. Емшілер мен көріпкелдердің сезу мүшелері ерекше дамыған. Бұрынғы кездері медицина дамымағаннан кейін емшілер болды", - дейді психолог Ғалияш Махашова.
https://stan.kz
10 шілде 2019 ж. 1 682 0