Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақсы ақырзаманның қашан болатынын болжады

Бақсы ақырзаманның қашан болатынын болжады

Зерттеушінің айтуынша, әлемде жиілеп кеткен табиғи апаттар мен зілзала ақырзаманнан хабар береді.Алтай өңірінен шыққан бақсы мәдениетін зерттеуші, жазушы-мистик Андрей Коробейщиков ақырзаманның жуық арада болатынын болжады.
"Комсомольская правда" басылымына берген сұқбатында ол табиғи апаттар "Жерді жарып жібереді" деген жорамалын айтты.
Коробейщиков әлемде жиілеп кеткен табиғи апаттар мен зілзала ақырзаманның жақындап қалғанын білдіретінін атап өтті. Олардың арасында жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, су тасқыны бар. 
"Қараңыздар, күні ертең Килауэа жанартауы атқылауы мүмкін, Гавайи су астына кетеді. Бүкіл әлем қайнап жатыр", — деді ол. 
Зерттеушінің болжамынша, егер адамзат технологиядан бас тартпаса, алдағы бес жылда "мыңжылдық дауылы" болуы мүмкін. Бақсы бұл процесті тоқтату мүмкін болмайтынын, қоғам өзін-өзі жоюға ұмтылып жатқанын ескертті, деп жазады life.ru
Мистик сөзінің дәлелі ретінде дайверлер Алтайдағы Телецкое көлінен тапқан "олжа" туралы айтты. 75 метр тереңдікте қарияның бейнесі табылған. Жазушының пікірінше, бұл адамзатты ойландыруға және ғаламшарды құтқаруға үндейтін белгі болуы мүмкін.
/sputniknews.kz/
15 шілде 2018 ж. 1 630 0