Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Семейде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

Семейде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

Ертіс өзенінің төменгі сағасындағы ауылдарға су тасқыны қаупі төніп тұр, сондықтан Семей қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта өңірдегі Бесқарағай ауданына қарасты Старая крепость, Стеклянка, Глуховка, Бірлік және Белокаменка ауылдарына су тасқыны қаупі төніп тұр. 11 ауылдық округ тасыған су құрсауында қалуы мүмкін. Ертіс өзенінің төменгі сағасындағы елді мекендерге қатер төніп тұр. Мұнда тасқынның алдын алу жұмыстары жүргізіліп, су арналары мен арық-атыздар аршылып, көшелер тазартылып жатыр.

30 наурыз 2018 ж. 2 208 0