Қызылордада үй алып беремін деп алдап соққан алаяқ сотталды

«Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп – тексеру жүргізілді. Тергеу барысында күдікті қатарында танылған Қызылорда қаласының тұрғыны өзінің жасаған қылмыстық әрекетін толығымен мойындаған. Полицейлер күдіктінің бұл қылмыстан бөлек тағы алаяқтық қылмыс жасағанын анықтады», – делінген полиция департаментінің таратқан хабарламасында.
Тергеу барысында күдіктінің алаяқтық іс-әрекеті толығымен дәлелденіп, алаяқ сот шешімімен 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.