Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамдар тамақты аз жеу арқылы өздерінің өмір жасын ұзарта алатыны дәлелденді

Адамдар тамақты аз жеу арқылы өздерінің өмір жасын ұзарта алатыны дәлелденді

АҚШ-тың Скриппс ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары калорияларды аз тұтыну өмір жасының ұзақ болуына және қатерлі ісік, жүрек-қантамырлар, диабет пен деменция ауруларының түзілуінің азайтату мүмкіндігіне ие екенін анықтады. 

Тәжірибеге тышқандар қатыстырылған. Ғалымдар бір топ кеміргіштерге өлшеулі тамақ беріліп, Цельсий бойынша 22 градус температуралық бөлмеге ұсталған. Ал келесі топты одан жылырақ бөлмеге қамапты. Мұндағы тышқандар қолайлы температура үйреніп термонейтралды қалыпта болыпты. 
Зерттеушілер тышқандардың денсаулығына калория мөлшерінен бөлек, ыстық температура да әсер ететінін байқаған. Яғни, егер тышқандар аз тамақ жесе, олардың дене температурасы төмендеген. Ал бұл өз кезегінде олардың өмір жасының ұзаруына алып келген. Осылайша мамандар дене қызуын төмендететін препарат арқылы адамның өмір жасын ұзартып, жаман аурулардың алдын алуға болады деген тоқтамға келген. 

stan.kz
15 қыркүйек 2020 ж. 672 0