Ғалымдар өмір жасын ұзартудың ең оңай әдісін анықтады

Қандай адамдар тез қартаяды?
Белгілі болғандай, жасы ұлғайған сайын адамдар, әсіресе ер азаматтар өз өмірін төмен бағалайды екен. Алайда неке, дос-жарандар және туған туыстарымен жиі араласып тұру бұл көрсеткіштерді арттырған. Өз өміріне 9-10 балл баға берген қатысушылардың 73,1 пайызы достарымен апта сайын кездесіп тұрады. Бұдан бөлек қоғамдық ұйымдарға қатысатын, спортзалға, діни мекемелерге, музей мен театрларға барып тұратын егде жастағы азаматтар өз өмірлерін мәнді деп санайтын көрінеді.
Ал адам өз өміріне неғұрлым жоғары баға берсе, денсаулығы да соғұрлым жақсы болып, созылмалы ауруларға (жүрек ауруы, инсульт, диабет, артрит, қатерлі ісік пен өкпенің созылмалы дерті) шалдығу қаупі төмендеген. Күнделікті тіршілігіне ешқандай нұқсан келмей, жан күйзелісі мен семіздікке ұшырамайтын болған. Өз өміріне қанағаттанатын адамдардың бәріне тән қасиет – физикалық белсенділік және дұрыс тамақтану.
Әжімге қарсы ем табылды
Ғалымдардың айтуынша, бұз зерттеу адамдарды бақылау нәтижелеріне ғана сүйенетіндіктен, көрсеткіштердің сәйкес келуін біржақты қарастыруға болмайды. Дегенмен адамның мәнді әрі саналы өмір сүруі оның көңілкүйіне тікелей әсер ететін болса, денсаулығы мен өмір жасының ұзақтығына да ықпалын тигізуі әбден мүмкін.
sputniknews.kz