Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар жеміс шырынының қаупін анықтады

Ғалымдар жеміс шырынының қаупін анықтады

Ғалымдар алты жыл жүргізген зерттеуге 30 мыңнан астам адам қатысқан.
Тәтті сусындар, оның ішінде жеміс шырындары 45 жастан асқан адамдардың ажалын тездетеді. АҚШ-тың Эмори университетінің ғалымдары осындай тұжырымға келген.

Зерттеушілер қант диабеті мен жүрек – қан тамыр ауруларына шалдықпаған адамдарды зерттеген. Зерттеу алдында сарапшылар қатысушылардың сусындарды мен құрамында қанты көп өнімдерді тұтыну деңгейін бағалаған. Зерттеу жүргізген алты жылда көз жұмған адамдардың қайтыс болу себептері мен ықтимал факторлар анықталған. Нәтижесінде күніне бір литр тәтті сусын ішетін адамдардың басқалардан жиі ажал құшатыны белгілі болған.
22 наурыз 2018 ж. 2 095 0