Жеміс шырынын қандай жағдайда ішуге болмайды?

Мамандар эксперимент кезінде тышқандарға аш қарынға шырын мен шәрбат берген. Бұл жағдайда аш ішек жеміс шырынын ыдырата алмайтыны анықталды: ол тікелей тоқ ішекке түсіп, микроорганизмге ауыр зиян келтіреді. Бұл жаңа сығылған шырындарға да қатысты. Сонымен қатар ғалымдар жеміс қантының 90%-ы осы аш ішекке сіңетінін атап өтті.
Зерттеушілер шырынды аз мөлшерде және тек тамақтан кейін ішуге кеңес беріп отыр. Мұндай тәсіл ас қорыту жүйелеріне түсетін салмақты азайтып, ішектің микрофлорасын зақымдамайды.