Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар: Ақсары адамдардың ерекше құпиясы бар

Ғалымдар: Ақсары адамдардың ерекше құпиясы бар

Ғалымдар ақсары ерлерге қарағанда, ақсары қыз-келіншектердің көп болатынын анықтады.

  
Лондон колледжінің ғалымдары 300 мыңнан астам адамға зерттеу жүргізген. Нәтижесінде еуропалықтардың шаш түсінің өзгеруі мен пигментациясына жауап беретін 124 жаңа ген тапқан.
 
Ал тышқандарға жүргізілген зерттеу түк түсіне жауапты гендерге күйзеліс, химикаттар мен гормондар әсер ететінін көрсеткен.  
  
Мамандар қыз келіншектермен салыстырғанда шашы ашық түсті ерлердің аз туатынын айтады. Бұның сыры генетикалық құпияда екен. «Туғанда ақсары болып туған ұлдар мен қыздардың ішінде қыздар есейгенде ақсары болып қалады да, ерлер ақсары түсін жоғалтады. Бұның себебі бізге түсініксіз»-дейді ғалымдар.
 
Дереккөз: medikforum.ru
19 сәуір 2018 ж. 2 235 0