Ғалымдар ет жеудің қаншалықты зиян екенін айтты

Зерттеу жұмысына 32 мың британиялық тұрғын қатысқан. Дәрігерлер олардың денсаулық жағдайы мен тұтынатын азық-түлік түрлерін 17 жыл бойы бақылаған. Зерттеу жұмысына қатысқан адамдардың 335-інде тоқішек қатерлі ісігі анықталса, 119 әйелде тікішек қатерлі ісігі анықталған.
Сондай-ақ, құс еті мен балық етін жейтін немесе мүлде ет жемейтін адамдарда тікішек қатерлі ісігіне шалдығу жағдайы 35 пайызға төмен екені анықталды.
Бұған дейін Гарвард университетінің ғалымдары ашық отта дайындалатын ет адамның қан қысымының жоғары болуына әсер ететінін дәлелдеген.