Мысықтың пырылы адамға пайдалы – ғалымдар

Мамандар мысықтардың 25-тен 150-ге дейінгі герц диапазонында пырылдайтынын хабарлады. Бұл - адам организміне пайдалы әсер ететін төменгі жиіліктер.
Пырыл нейрондардың үйлесімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, нәтижесінде адам күйзелісті тез жеңіп шыға алады. Ғалымдар мысықтар пырылдаған кезде шығатын вибрациялар сүйектер сынған жағдайда оларды қалпына келтіруге әсер етеді дейді.
Төмен жиілікті импульс кальцийді өндіруге жағдай жасайды. Сонымен бірге мысық иелері жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларына сирек шалдығады.