Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутат қазақстандықтардың несиелерін кешіруді ұсынды

Депутат қазақстандықтардың несиелерін кешіруді ұсынды

Депутат Айқын Қоңыров қазақстандықтардың несиесін кешіру туралы бастама көтерді. Сөзінше, үкімет салық уақытылы төлеп келген жеке және заңды тұлғалар үшін кең көлемді несиелік амнистия жариялау қажет, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

"Шағын және орта кәсіпкерлік өндірісінің көлемі карантин уақытында күрт төмендеді: қоғамдық тамақтану 53%-ға, бөлшек саудасы 45%-ға, транспорт 37%-ға дейін кеміді. Бұл мекемелердің банкротқа ұшырауына немесе жабылуына, банктер мен кәсіпкерлер арасындағы жанжалға алып келуі мүмкін. Еліміздегі карантин кезінде 4 млн 200 адам жұмыссыз қалды. Жұмыссыздық деңгейі 46%-ға артты. Бұл біздің тарихымызда бірінші рет орын алып отыр. Қазіргі дағдарыс елдің тек эпидемиялогиялық жағдайына ғана емес, еңбек нарығына да қатысты. Сондықтан жедел түрде шара қолдануымыз қажет", - деді депутат. 
Бұған қоса ол осы жылы халықтың қаржы ұйымдарына қарызы артып кеткенін алға тартты. 
"Бұған дейін тұрғындар несиені тұрмыстық техника, қымбат киім, отбасылық мерекелік іс-шаралар үшін алса, карантин кезінде олар осы қарыздарын жабу үшін тағы да несие алуға мәжбүр болды", - деп қосты Қоңыров. 
Айтуынша, мемлекет квазимекемелер мен банктерге ғана қолдау білдіруде. Депутат қазіргі таңда азаматтар мен шағын және орта кәсіп өкілдеріне көмек қажет екенін айтады. 
"Сол үшін Қазақстанда карантинге дейін еңбек етіп, барлық салықты өз уақытында төлеп жүрген жеке және заңды тұлғалар үшін кең көлемді несиелік амнистия жариялауымыз қажет. Қазір кей азаматтар банктердің қысымына төтеп бере алмай, қалталарыңда көк тиынсыз қалып қоюы да ғажап емес. Ал бұған ақшаны әкімшілік-шаруашылыққа аударылмай қалған қаражат пен салық жүйесіндегі іс-әрекеттер орындау арқылы табуға болады", - дейді депутат. 

16 қыркүйек 2020 ж. 412 0