Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді пара алған күдіктілерге электронды білезік тағылады

Енді пара алған күдіктілерге электронды білезік тағылады

Бұл туралы Агенттіктің электрондық бақылау құралдарын қолдануы туралы өткен онлайн брифинг кезінде Агенттік төрағасының цифрландыру мәселелері жөніндегі көмекшісі Аслан Құсайынов айтып берді.
Халықаралық тәжірибені ескере отырып, Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі электронды қадағалау құралдары — білезіктерді қолдана бастады. Күдіктіге күзетпен ұстауға байланысты емес бұлтартпау шараларын таңдаған кезде пайдаланылады. Сонымен, осы жылы 17 қыркүйекте бұл тәжірибені алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешімімен үй қамауындағы күдіктіге қатысты осы практика алғаш рет қолданылды, — деді Аслан Құсайынов.
Оның сөзінше, күдіктіге электронды бақылау құралдарын пайдалану ережелері түсіндірілді.
Бақылаудағы адам жалпы денсаулық жағдайы және білезік тағуға қарсы көрсетілімдерінің болмауына қатысты қажетті медициналық тексерістерден өтті. Білезік көмегімен күдіктілер мен айыпталушылардың орналасқан жерін тәулік бойы мониторингтеп отыруға болады. Сондай-ақ,  бұл күдіктілердің бұлтартпау шараларының шарттарын бұзу фактілеріне жедел әрекет етуге және олардың тергеуден және соттан жасырыну әрекеттерінің алдын алуға мүмкіндік береді, — деді Құсайынов.
Пассивті радиоэлектронды білезік айыпталушының аяғына тағылатын құрылғы. Онда корпусты рұқсатсыз алып тастауға және ашуға қарсы енгізілген бақылау жүйесі бар. 
Құрылғының тиісті сертификаты және қажетті қауіпсіздік регламенттері бар. Онымен қоса бақылаудағы адамға киюіне ыңғайлы, салмағы 40 грамм. Оны алып тастағысы келіп, құрылғыға қандай да бір механикалық әрекеттер жасалса, ол туралы ақпарат бас диспетчерлік пунктке және қылмыстық процесті сүйемелдеуге жауапты адамдарға келіп жетеді, — деді ол.
zhambylnews.kz​​​
22 қыркүйек 2020 ж. 417 0