Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдау - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қолдайды

Жолдау - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қолдайды

Қазіргі таңда қоғамның кеселінің бірі сыбайлас жемқорлық болып отыр. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жемқорлық дерті дамушы елдердегідей біздің мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Осы себептен Қазақстан Республикасының мемлекеттік  саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы сыбайлас жемқорлықпен  күресу болып табылады.
Жалпы, Қазақстанда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ сыбайлас жемқорлықпен күрес  жіті қолға алынған.
2015 жылдың 18 қарашасында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы қабылданып, онда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Аталмыш заң, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.Сондай-ақ, Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы он жылдық стратегиясы да қабылданды. Стратегияның мақсаты-мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды  тарту және Қазақстанда  сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес мәселесін тағы бір мәрте қозғады. 
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу керек. Сондай-ақ, заңсыз және арандатушылық әрекеттерге барғаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлерін қатаң жазалау керек. Ондай қызметкерлерге тергеу саласында орын жоқ. Кінәсіздік презумпциясы қағидаты толық көлемде сақталуы тиіс»-деп Президент мәлімдеді.
Жемқорлықпен күресті қатаңдату және осындай заң бұзушылыққа жол берген мекеме қызметкерінің басшысының жауапкершілігін күшейту мәселесіде бұрыннан қозғалып келе жатқандығы белгілі. Бұл мәселе нақты шешімін тапса, жемқорлық қылмыстың жолын кесуге үлкен серпін берері анық.
Ұлы Абай атамыз «Ұрпағыңызға асыл мұра ретінде арсыздықты әкелетін бай­лықты емес, тәрбие, білім, имандылықты қалдыр» деген екен. Сыбайлас жемқорлық – адам табиғатының бұзылуына, адамгер­шіліктің тапталуына, адамдардың бөлінуіне әкеледі. Бұл — қоғамдық сананың рухани жақтан емес, материалдық тұрғыдан дағдарысқа ұшырауы. Біз осыны түсінуіміз керек, сыбай­лас жемқорлыққа қарсы күресе отырып, өмі­рімізді одан әрі жақсартып, адамгершілік, рухани байлығымызды жоғалтпай, өрке­ниетті ел құруымыз керек.

А.Болатбеков,
Арал аудандық сотының
бас маман-аға сот приставы
05 желтоқсан 2019 ж. 1 992 0