Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның көптеген өңіріндегі ауа райына солтүстік-батыстан келе жатқан суық антициклон ықпал етіп күн суытады.
Тек республиканың солтүстік және шығыс өңірлері ғана солтүстік циклон жырасының ықпалында болады. Мұнда жаңбыр жауып арты қарға ұласады.
Сондай-ақ жел күшейіп, көктайғақ, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.