Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Демалыс күндері елімізде қар жауады

Демалыс күндері елімізде қар жауады

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
«Жексенбі күні солтүстік-батыс, солтүстік, ал келесі аптаның басында Қазақстанның орталығы мен шығысы циклон ықпалында болады. Бұл циклонның орталығы Таймыр түбегінің үстінде орналасқан. Сондықтан жаңбыр соңы қарға ұласады деп болжанып отыр», – деп хабарлады Қазгидромет. 
Мамандардың айтуынша, демалыс күндері еліміздің қалған аумағы Баренц теңізі аудандарынан келетін кең антициклонның ықпалында болады. Бұл антициклон негізінен жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады. Республика бойынша ауа температурасы төмендеп, кей жерлерде тұман түсуі, жел күшеюі, ал солтүстікте, орталықта және шығыста көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал.
https://kyzylorda-news.kz/
02 қазан 2020 ж. 382 0