Демалыс күндері ауа райы қандай болмақ?

Қазақстан аумағының үлкен бөлігінде демалыс және қыркүйек айының соңғы күндері ауа райын жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы осы кезеңге қалыпты температурадан 2…5°С жоғары болады.
Осындай қолайлы ауа райын антициклон және оңтүстік-батыс тропосфералық ағындары қамтамасыз етеді. Тек республиканың шеткі солтүстік және батыс өңірлері атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Оның әсерінен кей жерде жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін. Мұнда да температура климаттық нормадан жоғары болады.
Вaq.kz