6 қазан күнгі ауа райы болжамы

Атап айтқанда, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Павлодар, түнде және таңертең Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с артады. Қарағанды облысында екпіні 23-28 м/с жетеді.
Қызылорда, Маңғыстау, таңертең және күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болжанады, желдің екпіні - 15-20 м/с.
Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, күндіз желдің екпіні 25 м/с артады.
Сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының түнде кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі.
Бұдан бөлек, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.