Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда бір тәулікте 241 адам коронавирустық пневмониямен ауырған

Қазақстанда бір тәулікте 241 адам коронавирустық пневмониямен ауырған

2020 жылғы 9 қазанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 241 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 25 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 34 384, 364 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 597 жетті.
"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 044 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 74 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 950 науқас жатыр. 1 094 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 84 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.  

09 қазан 2020 ж. 347 0