Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында жалған ақша жасаушылардың ісі сотқа жолданды

Қызылорда облысында жалған ақша жасаушылардың ісі сотқа жолданды

ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті өндірісіндегі жалған ақша өткізуге қатысты кезекті тергеу ісі аяқталып, сотқа жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда қаласының тұрғыны, 1986 жылы туған азамат 2019 жылдың қазан айы мен 2020 жылдың ақпан айының аралығында бірнеше мәрте 5000 және 10000 теңгелік жалған банкноттарды саудалап, пайдақұмарлық мақсатпен қылмыстық құқықбұзушылық жасаған.
ҚР ҚК 231-бабының 2 бөлігі 2 тармақшасына сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық үшін бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. «2020 жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша ЭТД-нің өндірісінде жалған ақша айналымына қатысты 12 факт тіркелген. Оның ішінде 6 жағдай «Халық Банк» АҚ-ы Қызылорда филиалы қызметкерлерімен, 1 жағдай «Сбербанк» АҚ-ның Қызылорда филиалы тарапынан, 5 жағдай азық-түлік дүкендері мен жанар-жағармай құю бекеттерінде анықталған»,-делінген ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз хабарламасында.
inform.kz
09 қазан 2020 ж. 574 0