Ақуызға бай 5 түрлі ингредиент

СҮЗБЕ
Сүзбе парфесі
1стақан майсыз сүзбеге 2 ас қасық үгітілген бадам мен пістені қосып араластырыңыз. Мұндай жаңғақ түрлері нәрлі майға бай. Таңғы асты өзіңізге ұнайтын жемістермен әрлеп, даршынмен дәмдеңіз.
Жерорта теңізі таңғы асы
Туралған қияр мен қызанақты 1 стақан майсыз сүзбемен бірге араластырыңыз. Кептірілген жебіршөп, жұпаргүл немесе розмарин қосып дәмдесеңіз болады.
Күздік таңғы ас
Табаға 1/2 кесе ұсақ туралған асқабақты салып, бір ас қасық зәйтүн майын құйыңыз да, үстіне даршын себіңіз. 200 градуста 25-30 минут бойы пісіріңіз. Дастарханға сүзбемен бірге ұсыныңыз болады.
Сүзбе құймақтары
Ыдысқа 1/2 кесе ұн, 1/4 шай қасық қопсытқыш, 1шай қасық сода, 1/2 кесе сүзбе, 1/4 кесе сүт, 2 жұмыртқаның ағы, 1ас қасық қант және шымшым тұз қосып араластырасыз да, табаға май құймай-ақ пісіресіз.