Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "ЛЕЧО" салатының өте дәмді 2 түрлі рецепті

"ЛЕЧО" салатының өте дәмді 2 түрлі рецепті

ЛЕЧО салатын жасауды білесіз бе? Егер ұмытып қалған болсаңыз, біз ұсынған мәзірлерді қараңыз.
Болгар бұрышы мен қызанақтан жасалған лечо
Қажетті өнімдер
2 келі қызанақ
100 мл өсімдік майы
100 гр. қант
1-2 ас қасық тұз
3 келі болгар бұрышы
10-15 түйір ірі қара бұрыш9 пайыздық 1 ас қасық сірке суы
Дайындалуы Қызанақты еттартқыштан өткізіп, қазанға құйыңыз. Сосын өсімдік майын, қант пен тұзды салып, араластырыңыз. Отқа қойып, 20 минуттай қайнатыңыз. Осы уақыт өткен соң ірілеп туралған болгар бұрышын саласыз. Қақпағын жауып тағы да 20 минуттай қайнатасыз. Ірі қара бұрыш пен сірке суын құйып, 5 минут қайнатыңыз. Дайын салатты зарарсыздандырылған банкаларға құйып, жауып ала бересіз.

Сәбіз бен пияздан дайындалған лечо
Қажетті өнімдер
2 кг қызанақ
150 мл өсімдік майы
100 гр. қант
1-2 ас қасық тұз
9 пайыздық 1 ас қасық сірке суы
500 гр. сәбіз
1 кг болгар бұрышы
300 гр. пияз
Дайындалуы: Еттартқыштан өткізілген қызанақ езбесін ыдысқа құямыз. Отқа қойып, май, қант, тұзды саламыз. Сірке суын құйып, қайнатамыз. Қайнаған соң ірі үккіштен өткізілген сәбізді саламыз. Сөйтіп 15 минут қайнату керек. Содан соң ірілеп туралған болгар бұрышы мен пиязды салыңыз. Лечоны тағы да 20 минут қайнатамыз. Дайын салатты банкаларға құя беруге болады.
ernur.kz
22 қыркүйек 2020 ж. 566 0