Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ИММУНИТТЕТТІ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙМЫЗ?

ИММУНИТТЕТТІ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙМЫЗ?

Ауырмаудың ең оңай жолы - иммунитетті нығайту. Иммундық жүйеңізді нығайтып, ағзаңызды қуаттандыру үшін сізге – итмұрын, май, сәбіз, кептірілген жемістер, сарымсақ пен сүт керек. 
Итмұрын нәрсуы 4 ас қасық итмұрын (шиповник) жидегін 0,5 литр қайнаған суға салып, 30-40 минуттай баяу отта қайнатасыз. Бұл емдік сусын қан тамырлардың жұмысын жақсартып, суықтаудың алдын алады. Қандағы холестерин деңгейін төмендетіп, ағзаның иммундық жүйесін нығайтады. 
Шырғанақ майы Тәулігіне 2 шай қасық шырғанақ (облепиха) майын ішуді әдетке айналдырыңыз. Шырғанақ майы – ағзаңызды және теріңізді жасартады, қан тамырларды нығайтады, қанның түйілуін болдырмайды. Сондай-ақ, тұмау, суықтау секілді аурулардың алдын алады. Иммунитетіңізді көтеріп, қан айналымды жақсартады. 
✅ Дәруменге бай тосап Тосап үшін 1 стақан үгілген грек жаңғағы, 3 дана көк алма, 0,5 келі мүкжидек (клюква) және 0,5 келі құмшекер керек. Қажеттілердің бәрін бір ыдысқа салып, үстіне 1/2 стақан су құясыз. Ыдысты отқа қойып, қайнауға дейін жеткізесіз. Бір қайнап шыққан соң тосаптың отын сөндіріп қойыңыз. Дайын болған тосап суықты, тұмауды, баспаны (баспа) емдейді әрі ағзаны қуаттандырып, иммунитетіңізді күшейтеді. иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден 1 дана сәбізді үккіштен өткізесіз. Оған 1 ас қасық шекер, ұсақтап туралған қараөрік, алма мен кептірілген өрікті араластырасыз. Сосын сұйық балды қосып, мұқият араластыру керек. Дайын болған емдік қоспаны тоңазытқышқа салыңыз. Шамамен 2 тәуліктен соң жей беруге болады. 0,5 келі мүкжидек пен 1 дана лимонды еттартқыштан өткізіңіз. Татымына қарай бал араластырып, шай үстінде 1-2 ас қасықтан қабылдайсыз. 0,5 литр сүтті баяу отта қыздырасыз. Оған 1,5 бас тазартылмаған сарымсақты салып, 10-15 минуттай қайнатасыз. Сосын 3 сағаттай тұндырып қою керек. Белгіленген уақыттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 25 мл-ден ішесіз. Емді тамақтанудан 30 минут бұрын жүргізу керек. Ал тұнбаны салқын жерге қоюды ұмытпаңыз. 1 шай қасық теңіз немесе ас тұзын 1 стақан қайнатылған жылы суға араластырыңыз. Бұл тұзды сумен тамағыңызды, мұрныңызды шайсаңыз да иммундық жүйеңізді нығайтуға септігін тигізеді.
http://reactor.inform.kz
07 маусым 2019 ж. 1 138 0