Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда тағы да төтенше жағдай енгізіле ме: 12 аймақта карантин қатаңдатылды

Қазақстанда тағы да төтенше жағдай енгізіле ме: 12 аймақта карантин қатаңдатылды

Еліміздің 12 аймағында карантин шаралары қатаңдатылды. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше бірқатар аймақтара коронавирустың таралуына байланысты шектеулер енгізіліп, медициналық блок-бекеттер орнатылған. Алайда медициналық блок-бекеттер қалалардан кіріп-шығуды шектемейді. Тек қана жолаушылардың денсаулығын тексеретін болады. 
Карантиндік шараларды күшейту жөніндегі өңірлердегі санитарлық дәрігерлердің қаулылары жарыққа шыққан болатын. 
Қарағанды облысы, Жамбыл облысы, Алматы облысы, Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан облысы, Атырау облысы, Ақмола облысы, Алматы қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Маңғыстау облысы карантин күшейтілген аймақтар қатарына кірді. 
Бұл өңірлерде кейбір мекмелер қызметін тоқтатып, демалыс күндері локдаун жарияланатын болады.
19 қазан 2020 ж. 320 0