Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы карантин: комиссия жаңа шешімді жариялады

Қазақстандағы карантин: комиссия жаңа шешімді жариялады

Ведомствоаралық комиссия жиын өткізіп, елдегі карантинге байланысты жаңа шешімдерді бөлісті, деп хабарлайды премьер-министр сайтыПремьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті. Президент тапсырмасына сәйкес COVID-19-бен күресудің қосымша шаралары қаралды. 

Шекарада санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту

  • 26 қазаннан бастап шет елдердегі эпидемиологиялық ахуалды ескерумен шетелге ұшатын әуе рейстерінің санын қысқарту;
  • Қазақстан аумағына келгендердің барлығын (соның ішінде ҚР азаматтарын), сондай-ақ екіжақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілерді міндетті ПТР-тестілеуден өткізу;
  • шетелден келушілерге, оның ішінде ҚР азаматтары үшін де ПТР тестіден өткені туралы анықтаманың жарамды мерзімін 3 күнге дейін белгілеу
Бүгіннен бастап көптеген өңірлік зертханаларда ПТР-тестілеу құны 9 мың теңгеге дейін төмендетілді. 
24 қазаннан бастап сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін сауда ойын-сауық рталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар жұмыс істей бастайды.
26 қазаннан бастап кинотеатрлар қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, 30%-дан аспайтын толығумен жұмысын қайта бастайды.

Шектеу шараларын сақтау

Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, бильярд және компьютер клубтарының, ойын-сауық мекемелерінің, банкет залдарының, түнгі клубтардың қызметіне салынған тыйым сақталады.
Облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға салынған тыйым алынбайды.
sputnik.kz
19 қазан 2020 ж. 525 0