Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұмаудан қалай сақтану керек?

Тұмаудан қалай сақтану керек?

Күн суытып келеді. Әдетте, мұндай маусымда тұмау вирусы өршиді. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Сондықтан тұмау мен салқын тиіп ауруды шатастырып алмауымыз керек.

Тұмау дегеніміз не?
Тұмау – бұл вирус, өткір респираторлық инфекция, яғни тыныс алу жолдарының ауруы. Тұмау вирусы жұқпалы және адам ағзасына түссе өршіп кетуі мүмкін.

Тұмау вирусының белгілері:

• дене температурасының көтеріледі – 39 ° C және одан жоғары;

• дене қалтырайды;

• әлсіздік пайда болады;

• бұлшықеттер мен буындар ауырсынады;

• бас ауырады;

• көзден жас ағады;

• адам жарыққа сезімтал болады;

• тамақтың ауырады;

• құрғақ жөтел пайда болады;

• мұрыннан су ағады.

Кейде іштің ауыруы және диарея байқалады. Тұмау кезінде дене температурасының жоғарылауы бірнеше күнге созылуы мүмкін, дененің қызуы температура түсіретін дәрілердің әсерінен төмендемейді. Егер ауру асқынусыз болса, тұмау 7-10 күнге созылады. Осы уақыт ішінде тұмаудың белгілері біртіндеп жойылады, ал жалпы әлсіздік екі аптаға дейін созылуы мүмкін.



Тұмау вирусының түрлері

Басқа өткір респираторлық инфекциялар сияқты тұмаудың да жеңіл, орташа, ауыр және өте ауыр түрлері бар.

Тұмаудың даму себептері

Аурудың себебі – жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының тұмау вирусымен зақымдануы. Инфекцияның (аурудың) көзі тұмауға шалдыққан адам. Ауырған адам басқаларға  жөтел, түшкіру арқылы жұқтырады. Вирус сонымен бірге тұрмыстық заттар арқылы – майлық, тамақ  арқылы да жұғады.

Тұмаудың диагностикасы

Тұмаудың диагностикасы әдетте клиникалық тексеруге негізделген. Дене температурасы күрт көтерілген жағдайда мүмкіндігінше тезірек дәрігерден кеңес алу керек. Тұмаумен ауырған кезде дәрігердің қадағалауы өте маңызды, себебі асқынудың басталуын уақытында анықтауға мүмкіндік береді. Асқынулар температураның қайта көтерілуі, жөтелдің жоғарылауы және жалпы жағдайы біршама жақсарғаннан кейін қайтадан нашарлау сияқты белгілерде пайда болады және әдетте аурудың 4-5-ші күндерінде білінеді. Бұл жағдайда қосымша анализдер жүргізу керек.

Тұмауды емдеу және ауруды жеңілдету
Тұмауды емдеу күрделі, бірақ иммун жүйесі тұмаумен күресуде және денені қалпына келтіруде үлкен рөл атқарады. Сондықтан иммунитетті күшейту маңызды.  Терең демалу, көп сұйықтық ішу, алкоголь ішу және темекі шегуді тыйған жөн. Тұмау кезінде антибиотиктер ішу тиімсіз. Антибиотиктер тек екінші реттік бактериялық аурулар болған жағдайда ғана тағайындалады. Бірақ суық тию немесе тұмау белгілері байқалған кезде антибиотиктерді дәрігердің нұсқауынсыз қабылдау тұрғындар арасында кең таралған. Антибиотиктерді вирустарға қарсы қабылдау тиімді емес. Бұл бактериялардың антибиотиктерге төзімділігін арттырады.

Тұмаудың асқынуы
Тұмау вирусы тыныс алу жолдарының эпителий жасушаларына әсер ететіндіктен, аурудың асқынуы бактериялық ауруларға, соның ішінде бронхит, пневмония (өкпенің қабынуы), отит (құлақтың қабынуы) сияқты аурулардың өршуіне себеп болады. Жалпы,  тұмау науқастың созылмалы ауруларын күшейтуі мүмкін.

Тұмаудың алдын алу шаралары
Тұмаудың алдын-алудың тиімді әдісі – иммун жүйесін жыл бойы бабында ұстау. Иммунитетті күшейтудің әртүрлі әдістері бар, соның ішінде:

• спортпен айналысу;
• белсенді өмір салты;
• дұрыс және уақытылы тамақтану;

Тағы бір негізгі медициналық әдіс – бұл вакцина. Тұмау маусымы басталардан 2-3 ай бұрын (әдетте қазан-қараша айларында) вирустың белгілі бір түріне (штаммына) вакцинация жасалады. Сондай-ақ эпидемия кезінде вирусқа қарсы препараттарды профилактикалық шара ретінде қолдану ұсынылады. Гигиеналық ережелерді сақтау, науқас адамдардан аулақ жүру, медициналық маска тағу, отбасы мүшелері ауырған кезде тазалыққа көңіл бөлу, бөлмені жиі желдету аурудың пайда болу мүмкіндігін азайтады.
massaget.kz
23 қазан 2020 ж. 570 0