Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін ауа-райы қалай болмақ?

Бүгін ауа-райы қалай болмақ?

25 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді. Солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгиромет» РМК.

Ақмола облысының басым бөлігінде тұман, көктайғақ, кей жерінде жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.
Шығыс-Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының күндіз кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.
baq.kz
25 қазан 2020 ж. 245 0