Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда өнер адамдары неге салық төлемейтіні белгілі болды

Қазақстанда өнер адамдары неге салық төлемейтіні белгілі болды

ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев онлайн-брифинг барысында өнер адамдардың қаражат табу мәселесіне қатысты тоқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желі арқылы өзіне жарнама жасап, тойдан қаржы табатын өнер адамдарына қатысты журналистің сұрағына Сұлтанғазиев жауап берді. Оның сөзінше, кәсіпкерліктің бұл түріне табыс салығын салу қарастырылмаған.
"Салық төлеу үшін алдымен салықтық тіркеуге тұру керек. Біз тіркеуге тұрғызу бойынша жұмыс жүргіземіз, хаттама беріп, тіркеуге қоямыз. Бірақ қазір микробизнес болғаннан кейін табыс салығынан толығымен босатылған", - дейі ол. 
Осылайша, микробизнес иелеріне табыс салығы салынбайтыны анықталды.
stan.kz
27 қазан 2020 ж. 385 0