Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Kaspi.kz қосымшасындағы барлық қызмет түрі іске қосылды. Банк клиенттерінің барлық қаражаты шотында жатыр және банк қосымшасында дұрыс көрсетіліп тұр. Келтіріліген ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Қолдау көрсеткен сүйікті клиенттерімізге алғысымызды білдіреміз. 29 қазаннан 4 қарашаға дейін Kaspi Gold, Kaspi Red, Kaspi QR арқылы жасалған әр саудаңыз үшін 5% бонус сыйлаймыз. Ниеті жаман адамдар жіберген жалған ақпараттарға назар аудармауды сұраймыз. Біз әлеуметтік желілер мен ресми парақшамызда банкке қатысты әр оқиғаны өз клиенттерімізге міндетті түрде хабарлап отырамыз, - делінген банк хабарламасында.
baq.kz