Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда «музыкалық жол» пайда болды

Қазақстанда «музыкалық жол» пайда болды

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Нұр-Сұлтан – Шортанды» автомобиль жолында музыкалық шу жолақтарын орнатты.
Мұндай технология Қазақстанда алғаш рет қолданылып отырғанын айтып өткен жөн.
Пилоттық жоба жол жүру қауіпсіздігі саласына жаңа технологияларды енгізу аясында іске қосылған. Оны жүзеге асыру барысында Германия, Корея, АҚШ пен Жапония елдерінің тәжірибесі ескерілді.
«Музыкалық жолдар» жүргізушілерге төтенше қауіпті участкелерде жылдамдықты азайтуға көмектеседі. Әуен автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады. Көлік шу жолағынан 90 км/сағ жылдамдығымен жүрген жағдайда, әуен дыбысты өзгертеді. Осылайша жүргізушінің назарын аударып, жүру жылдамдығын азайтуға әсер етеді. Эксперименттің нәтижесі бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ келер жылы өзге де республикалық жолдарға музыкалық жолақтар орнатпақ.
Анықтама: Шу жолақтары – бедерлі сызықтар түріндегі арнайы жол белгісі. Мұндай жолақтар жылдамдықты асыру, шаршау мен рөлде ұйықтап қалу себебінен болатын жол-көлік оқиғасын болдырмау мақсатында салынады. Олардың үстімен өткенде діріл пайда болып, жүргізушілердің жинақталуына көмектеседі.
24.kz
28 қазан 2020 ж. 322 0