Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматы — Бішкек жолында қолына орақ ұстап алған "кемпір" жүргізушілерді таңғалдырды

Алматы — Бішкек жолында қолына орақ ұстап алған "кемпір" жүргізушілерді таңғалдырды

Алматы — Бішкек жолында жүргізушілер қолына орақ ұстап алған "кемпірді" көрді. Бұл туралы  "ҚазАвтоЖол" ҰК-ға" сілтеме жасап

Компания осы тәсіл арқылы жүргізушілерге жолда қауіпсіздікті сақтау керектігін айтқысы келген.Жол полиция қызметкерлері қолдарына жылдамдықты азайтуды білдіретін белгілерді ұстап алып, Алматы-Бішкек жолының бойына қатармен тұрған. Ұйымдастырушылардың сөзінше, шараның басты мақсаты — жолда болатын авариялардың салдары өлім санының қарқынды өсуіне алып келетінін көрсету, жүргізушінің мәдениетін арттыру. 
Жүргізуші жол ережесін менсінбесе, бей-жайлық танытқан жағдайда ең қайғылы оқиғалар орын алады. Ол осыны ұмытпауы тиіс. 
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, Алматы-Бішкек көшесінде 2018 жылы 171 ЖКО орын алған.  49 адам қайтыс болып,  280 адам жарақаттанған.
01 маусым 2019 ж. 791 0