Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматы маңындағы таудан "Алла" жазуын байқадыңыз ба?

Алматы маңындағы таудан "Алла" жазуын байқадыңыз ба?

Кеудесінде жаны бар кез келген пенде Жаратқанның Құдыретін іштей сезініп, мойындайтыны Хақ! Бірақ әр адам Құдайын әртүрлі таниды, әртүрлі сыйынады, әртүрлі ойлады. Дегенмен, кім болса да Құдыреті күшті Хақ Тағаланың жеке дара тек өзіне ғана көрсетіп, өзіне ғана білдіретін әлдебір белгісін күтері анық...Армандайтынмын. Рас. Әлемнің түкпір түкпірінде уақыт, кеңістік, орын, қай ұлт өкілі екеніне қарамастан, әртүрлі адамдардың "Аллаһ" деген жазуды байқап, көргендерін естіп, көріп жатамыз. Сонда бекер адам көрмесе керек, әйтпесе, мен де көрер едім ғой "Аллаһ" деген жазуды деп ойлаушы едім. Жүрекпен сезініп, парыздарын орындап, Аллаға деген құлшылықта болу - ең бастысы, әрине. Дегенмен, пенде болған соң, ел көргенді мен де көрсем деп, армандаушы едім...Сөйтіп, күтпеген күні, күтпеген жерден ол жазуды мен де көрдім! Мен ол жазуды осындай түрде көрдім. Алла Ұлы! Мен де көрдім! Мен де байқап қалдым! Дәл сол жолдан қанша уақыт жүрдім десеңші! Бірақ сол жазуды байқамаппын. Демек, Жаратқан оның да уақытын белгілеген екен ғой. Соны көрсеткен, байқатқан Аллаға сансыз мадақ!
Бірнеше ай тек өзім көріп жүрдім. Тамсанып, сүйсініп, іштей риза болып, ары өтсем де, бері өтсем тек сол жазуға қарап өтетінмін.
Бір күні арнайы кідіріп, осы жолдан өтіп бара жатса өзгелер де көрсінші, Алланың құдыретін көрсінші... деген оймен суретке түсірдім.
Бәлкім, Сіз де осы жолмен күнделікті өтетін шығарсыз. Бірақ дәл осы кереметті байқамайтын да шығарсыз.
Алматы - Бішкек трассасында кетіп бара жатқанда, сол жақ тау сілемдерінде Сауыншы ауылының тұсынан бастап, Ұзынағашқа дейін көрініп тұратын "Аллаһ" деген жазу. Қарғалы ауылына барсаңыз, тіпті жанынан, әрі анық көре аласыз. Алланың Құдыретінде шек бар ма?!
www.qamshy.kz
13 наурыз 2019 ж. 2 100 0