Қызылордада эпидахуал күрделенсе зертханалар дайын ба?

Бұдан бөлек, коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделенген жағдайда облыстық ЖИТС және «М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы» Қызылорда обаға қарсы күрес станциясының ПТР зертханалары жұмысқа қосылуға дайын.
Бүгінгі күні облыс бойынша барлық зертханалардың бір күндік жалпы қуаттылығы 1820 анализді зерттеуге қауқарлы. Ағымдағы кезеңде COVID-19 анықтауға күніне 500-800-ге дейін ақылы және мемлекеттік тапсырыс бойынша сынамалар жүргізілуде.
Жыл басынан бері облыс бойынша COVID-19 анықтауға барлығы 123 027 сынама (ақылы және мемлекеттік тапсырысқа сәйкес) жүргізілді, оның 3262 коронавирустық инфекцияға оң нәтиже анықталды.
kyzylorda-news.kz