1 шілдеге дейін зертханалардың тәуліктік қуаты 35 мың тестке дейін артады
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сарапшы ретінде сөз сөйлеген Денсаулық сақтау министрінің зертханалық қызмет жөніндегі кеңесшісі Жанар Сүлейменова коронавирусқа зертханалық тестілеу туралы өзекті сұрақтарға толық жауап берді.
Сарапшының ақпараты бойынша, бүгінгі таңда диагностиканың 3 түрі бар – экспресс әдіс, ПТР және антиденелерге иммуноферменттік талдау.
Анықтама: пациенттердің инфекциялануын анықтау бойынша зертханалық диагностика коронавирустың РНҚ анықтау үшін ПТР-тест көмегімен жүргізіледі, зерттеу үшін биоматериалдың негізгі түрі мұрын-жұтқыншақ және/немесе ауыз-жұтқыншақ жағындысы болып табылады.
Қазақстанда коронавирусты тіркеу басталғаннан бері коронавирусқа талдау жасауды ұлттық аса қауіпті инфекциялар институты, сондай-ақ Ұлттық сараптама орталығы және оның 16 өңірлік филиалы жүргізді. Өсіп келе жатқан қажеттілікті ескере отырып, жеке зертханалар («Олимп», «Инвитро», «Инвиво», «Сұңқар»), обаға қарсы күрес станцияларының зертханалары, жылжымалы санитарлық-эпидемиологиялық зертханалар, сондай-ақ кейбір облыс орталықтары жанындағы медициналық ұйымдардағы зертханалар (ЖИТС орталығы, КДО, туберкулезге қарсы диспансер) тартылды.
Қазіргі уақытта, сарапшының айтуынша, зертханалардың қуатын арттыру динамикасы жеткілікті және ауру деңгейі мен өсім коэффициентіне сәйкес келеді.
Анықтама үшін: наурыз айының соңында республика бойынша тәулігіне 12 мың тестті орындаумен барлығы 34 зертхана, сәуірде тәуліктік қуаты 14 мың тестті құрайтын 38 зертхана, мамырда тәулігіне 20 мың тестті құрайтын 56 зертхана жұмыс істеді. Елімізде барлығы 1 миллионнан астам тест орындалды.
Жанар Сүлейменова атап өткендей, зертханалардың жалпы қуаттылығы 3 ай ішінде тәулігіне 6 мыңнан 28 мыңға дейін өсті. Осылайша, Қазақстан тестілеу саны бойынша Кореямен тең орында және Австрия мен Жапонияның жетістіктерінен айтарлықтай асып түсті.
Сарапшының ақпараты бойынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 1 шілдеге дейін зертханалардың қуаттылығы тәулігіне 35 мыңға дейін артады. Бұл көрсеткішке Денсаулық сақтау министрлігі: 25 маусымға дейін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында қуаты тәулігіне 3 мың тестке дейін модульдік зертханаларды іске қосу; 10 шілдеге дейін тәуліктік қуаты 2 400 тестке дейін 6 жылжымалы зертхана сатып алу; 1 тамызға дейін 10 мың тест-жүйе түрінде жабдықтар сатып алу арқылы қол жеткізуге ниетті.
kyzylorda-news.kz