Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дания Қазақстанның коронавирусты анықтау тәжірибесін негізге алды

Дания Қазақстанның коронавирусты анықтау тәжірибесін негізге алды

Дания Қазақстанның коронавирус індетін анықтауға арналған мобильді скрининг орталығын тәжірибе ретінде алды. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Сержан Айдосов айтты, деп хабарлайды www.inform.kz тілшісі.
«Түрлі елдердің Денсаулық сақтау министрлерінің қатысуымен өткен брифинг барысында Данияның Денсаулық сақтау министрі Қазақстанның тәжірибесін өздеріне алғанын айтқан болатын. Дания өзінде дәл сондай мобильді тестілеу орталығын ашты. Сонымен қатар вирус белілері байқалмайтын медицина қызметкерлерін де тексеріп, тестілеуден өткізеді. Демек, біздің тәжірибеміздің өзге де еуропалық елдер алып жатыр деген сөз», - деді Сержан Айдосов «Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды» бағдарламасы барысында.
Кеше Алматы қаласына сапарлаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетін анықтауға арналған жаңа мобильді скрининг орталығының қызметімен танысқан болатын.
Сонымен қатар ол осыдан бірнеше күн бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюгенің Беларусь, Қазақстан, Украина және Ресейдегі коронавирусқа қатысты ахуалға алаңдаушылық танытқанын бұқаралық ақпарат құралдары жазғанын атап өтті.
«Біз брифинг аяқталғаннан кейін өңірлік директор кеңсесіне хабарласып, деректерді алдырдық. Оларда ескі статистика болған және мәліметтер дұрыс талданбағаны анықталды. Ханс Клюге жақын досымыз және ол 20 жыл бұрын Шымкентте жұмыс істеген, денсаулық сақтау жүйемізбен жақсы таныс», - деді ол Сержан Айдосов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге Қазақстанның коронавирусқа қарсы күрес шараларына жоғары баға бергенін еске салып өтті.
13 мамыр 2020 ж. 763 0