Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Денсаулық сақтау министрі Қазақстанға келген қытайлық дәрігерлерді төсбелгімен марапаттады

Денсаулық сақтау министрі Қазақстанға келген қытайлық дәрігерлерді төсбелгімен марапаттады

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанға келген қытайлық дәрігерлерді "денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапаттады, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
"Біз әріптестерімізбен көп сөйлестік, көптеген сұрақтар болды. Сондықтан белсенді қатысқан (9 мың адам қатысқан) біздің медицина қызметкерлеріне алғыс білдіргім келеді. Бұл қазақстандық дәрігерлер әлемдік тәжірибені зерделеу үшін ашық екенін, біз барлық елдің тәжірибесін зерттеп, ДДСҰ көшбасшыларымен жұмыс істейтінімізді дәлелдейді", - деді министр. 
Қазақстанға келген қытайлық дәрігерлердің қатысуымен өткен бейнеконференция кезінде Елжан Біртанов бүгінде емдеу тәсілі қазақ, қытай немесе еуропалық медицина деп бөлінбейтінін атап өтті.
"Ғылыми медицина бар, тек ғылым негізінде ғана біз үздік тәжірибелерді зерттеп, қолдануымыз керек. Бізде  ҚХР-дағы әріптестеріміз бен достарымыздың ең жақсы тәжірибелерін үйренуге үлкен мүмкіндік болды", - деді ол.
Денсаулық сақтау министрі бұл сапар Қытай мен Қазақстан арасындағы, ең алдымен денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастыққа үлкен серпін беретініне сенім білдірді.
"Бұрын болған қарым-қатынас пен байланыстар күшейтіліп, кеңейтіледі. Сондықтан, мұндай ынтымақтастықты тұрақты негізде жалғастыру керек деп ойлаймын", - деп түйіндеді Елжан Біртанов. 

23 сәуір 2020 ж. 504 0