Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлердің жалақысы 500-550 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін

Дәрігерлердің жалақысы 500-550 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін

Қазақстандық дәрігерлердің жалақысы жарты миллионға дейін өсуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі осылай жоспарлауда. Kapital порталының жазуынша, 2025 жылдан бастап медицина қызметкерлері 500-550 мың теңгеден бастап ала бастайды

ҚР-ның Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мемлекет бойынша алатын жалақы көлемін, дәрігерлердің айлығын және медициналық қызметтің құнын есептегенде осы сан шығатынын айтады. Министр дәрігерлердің жұмысын мемлекетте істейтін қызметкерлердің қызметімен салыстыруға келмейтінін байқаған. Өйткені кәсіби дәрігер болып шығу үшін он жылға дейін уақыт кетеді. Қазіргі уақытта дәрігерлердің орташа алатын жалақысы 240 мың теңге. 
«Бұл ортаңғы емес, орташа жалақы көрсеткіші. Ал негізгі алатын айлық 120-140 мың теңге. Оның өзінде де іс-тәжірбиечіне қарай өседі. Бірақ мемлекеттік программа бойынша дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе жоғары болуы керектігі көрсетілген. Соған қарай жылжуымыз керек», – дейді Елжан Біртанов.
https://stan.kz
23 шілде 2019 ж. 967 0