Коронавирус: қазақстандықтар шұғыл тестілеуден өткізіледі

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді.
«Таяуда екі апта ішінде коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтау мақсатында халықты шұғыл тестілеуден өткізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жауапты органдар мен ведомстволар коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мәселесін бақылауға алды. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болғандар ПТР-диагностикасы (полимеразды тізбек реакциясы) арқылы тексеріліп жатыр. Олар – вирус жұқтырғандардың отбасы мүшелері, жұмыстағы әріптестері, ұшақта болған адамдар. Шұғыл тестілеу тек ұлттық сараптама орталығында жүргізіледі», – деді С. Қисықова.Айта кетейік, соңғы ресми деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 54 адамға жетті.