ӘМСҚ: ПТР әдісімен COVID-19 тестілеу кім тегін өтеді?

Халықтың келесі санаттары тегін тестіленеді:
- COVID-19-ға күдікті провизорлық стационарға жатқызылғандар;
- ЖРВИ және пневмония белгілері бар азаматтар;
- COVID-19 науқастарымен тығыз байланыста болған адамдар;
- стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі науқастар;
- тыныс алу органдарының, эндокриндік және жүрек-қантамыр жүйелерінің ауруларымен динамикалық бақылаудағы 50 жастан асқан пациенттер;
- шетелден келген адамдар;
- коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған ІІМ қызметкерлері;
- жүкті әйелдер т. б.
Сонымен қатар, Қорда ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» эпидемияға қарсы іс-шаралар шеңберінде келесі санаттағы азаматтар үшін ПТР-зерттеулер жүргізетінін хабарлады:
- үй карантиніндегі байланыста болған тұлғалар;
- арнайы контингент (тыныс белгілері бар және жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері; эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері; қарттар үйлеріндегі, интернаттық және өзге де мамандандырылған ұйымдардағы адамдар);
- әскерге шақырылушылар және т.б.
Жалпы, аймаққа қатерлі індетпен күреске шамамен 2 млрд. теңге бөлінді, - деп қорытындылады Бақыт Исмаханбетов.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі