Коронавирусты анықтайтын ПТР тесттерден кімдер тегін өте алады?

Бұл мақсатта бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлінген. Бір тест бағасы шамамен 11,5 мың теңгені құрайды.
«Бұл ретте 1,7 млрд теңге стационарларға, 3,7 млрд теңге консультациялық – диагностикалық қызметтер көрсететін емханаларға бағытталады. Осы медициналық ұйымдарда емделушілер ПТР-тесттен тегін өтеді», - деп атап өтті қор өкілдері.
Қорда азаматтардың қай санаттары тегін тест тапсыра алатындығы айтылды:
- COVID-19-ға күдікті провизорлық стационарға жатқызылғандар;
- ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар;
- КВИ жұқтырғандармен жақын байланыста болған адамдар;
- стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі пациенттер;
- тыныс алу органдарының, эндокриндік және жүрек-қантамыр жүйелерінің ауруларымен динамикалық бақылаудағы 50 жастан асқан пациенттер;
- шетелден келгендер;
- коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған ІІМ қызметкерлері;
жүкті әйелдер т. б.
Сонымен қатар, қорда ҚР денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» эпидемияға қарсы іс-шаралар шеңберінде келесі санаттағы азаматтар үшін ПТР-зерттеулер жүргізетінін хабарлады:
- үй карантиніндегі байланыста болған адамдарды;
- арнайы контингентке (респираторлық симптомдары бар және жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері;
өэпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері; қарттар үйлеріндегі, интернаттық және өзге де мамандандырылған ұйымдардағы адамдар);
- әскерге шақырылушыларға және т.б.