Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Біртанов: Халық үш бағыт бойынша тестілеуден өтеді

Біртанов: Халық үш бағыт бойынша тестілеуден өтеді

baq.kz Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгінге дейін 250 мыңдай тест тегін жасалғанын айтты. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің қатысушысы ретінде азамат коронавирусқа арналған тестті неге осы МӘМС қорына төлеген өзінің қаражаты есебінен жасай алмайды? Егер басқа қалаға бару қажет болса, ұшаққа отырмас бұрын ПТР-тесттен өту міндеттелген. Ал, мемлекеттік клиникаларда тесттің бағасы 11 500 теңге болса, жекеменшік клиникалар 20 000 теңге сұрайды. Тест тапсырып шыққаннан кейін бірден вирус жұқтырып алу қаупі жоғары екенін ескерсек, бұл тестті тапсырудың мәні бар ма? ПТР тесттерін тегін жасау мүмкіндігін қарастыруды сұраған Вера Захарчук атты Faceboоk  қолданушысының сауалына ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жауап берді.
Біз бүгінге дейін 250 мыңның шамасында 4 категория бойынша тегін тест жасадық. Олар – шет елден келгендер, коронавируспен ауырғандар және олармен байланыста болғандар, карантин кезінде қызметін тоқтатпағандар (медицина қызметкерлері, әскери қызметшілер, коммуналдық қызмет, саудамен айналысатындар және т.б.), қарттар үйі контингенті. Үшінші және төртінші категориядағылардың 90%-ы тесттен өтті. Барлығы тегін (шамамен, 70 мың адам). Бұл оңай шаруа емес, әрі шығынды да қажет ететін шара. Бюджеттің 2,8 млрд теңгесі осы бағытқа жұмсалды, - деді министр.
Елжан Біртановтың айтуынша, әуе рейстерін аса мұқият жасалған кесте бойынша ашып отыр. Елдегі эпидемия әлі тоқтаған жоқ. Алайда, экономиканы кезең-кезеңмен қалпына келтіру керек.
Болашақта эпидемия жағдайы тұрақталған соң халықты үш бағыт арқылы тестілеуге көшу мәселесі қолға алынбақ. Яғни, вирус жұқтырғандар және олармен байланыста болғандарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында бюджет есебінен тестілеу, әлеуметтік кесте бойынша жұмыс істейтін сақтандырылған азаматтарды – МӘМС есебінен. Медициналық қызметкерлер мен әскерилерді мемлекеттік қаржыландыру есебінен тестілеу мүмкіндігі қаралып жатыр. Ал, қалғандарын ақылы түрде тестілеу, - деді ол.
Министр алдағы күндері жұмыс істейтін азаматтарды жоспарлы тестілеуден өткізу қалыпты жағдайға айналуы мүмкін деген пікірде.
Тестілеу жиілігі жұмыс түріне және өндірістің эпидемиологиялық қаупіне байланысты болады. Арнайы алгоритм деген де осы кесте жүйесі. Бұл қазір бірқатар елде жасалуда, - деді Елжан Біртанов өзінің Facebook-тегі парақшасында.

30 сәуір 2020 ж. 642 0