Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2020 жылдан бастап балаларға арналған дәрілер тегін беріледі

2020 жылдан бастап балаларға арналған дәрілер тегін беріледі

Денсаулық сақтау министрлігі келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап балаларға рецепт бойынша тағайындалған барлық дәрі-дәрмектерді медициналық сақтандыру есебінен ақысыз беруге ниетті.
"Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық сақтандыру аясында балаларға тағайындалатын барлық рецептуралық дәрі-дәрмектерді ақысыз беруді жоспарлап отырмыз", - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен брифингте.

Сонымен қатар, министрдің сөзінше, әлеуметтік осал топтар арасында тегін дәрі-дәрмек алушылардың саны артады.
"Олардың бәрі мемлекет есебінен сақтандырылғанын білесіздер, осы санаттағы адамдарды да тегін дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етеміз.

Біз бұған ұзақ уақыт дайындалдық, жылдан жылға қаржыландыруды көбейттік. Медициналық сақтандыру тұрғысынан біз бұл мәселені толығымен жабуға мүмкіндік беретін қажетті қаржыны аламыз.

Біз бұған ұзақ уақыт дайындалдық, жылдан жылға қаржыландыруды көбейттік. Медициналық сақтандыру тұрғысынан біз бұл мәселені толығымен жабуға мүмкіндік беретін қажетті қаржыны аламыз" - деді министрі Елжан Біртанов.

alashainasy.kz/
26 шілде 2019 ж. 1 504 0