Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамин: Әрбір азамат қандай медициналық көмек тегін көрсетілетінін білуі қажет

Мамин: Әрбір азамат қандай медициналық көмек тегін көрсетілетінін білуі қажет

Бүгінгі Үкімет отырсында Асқар Мамин 2020 жылға қарай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін іске қосу бойынша әзірлік жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

Үкімет басшысы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша ортақ міндет қойылғанын айта келе осы бағытта Денсаулық сақтау министрілігі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қалыптастыру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде кешенді жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.
«Бұл ретте денсаулық сақтауды дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа мемлекеттік бағдарламасын әзірлеп жатыр. Сақтандыруды тиімді енгізу үшін 1 қыркүйектен бастап Қарағанды облысында пилоттық жоба іске қосылады. Осыған байланысты біріншіден, Денсаулық сақтау министрлігі осы жобаны іске қосуды қамтамасыз етуді тапсырамын. Қарағанды облысының әкімдігіне пилоттық жоба шеңберінде жұмыс істеу үшін барлық медициналық ұйымдардың дайындығын қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл тәжірибені өңірлерге тарату және келесі жылдан бастап медициналық сақтандыру толық іске қосылған кезде ескеру қажет», - деді Асқар Мамин.
Сонымен қатар, ол барлық өңірлер әкімдеріне алдағы жылдың қазан айына дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтаныдыру жобасын жүзеге асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.
«Осы жобаны дайындау аясында Атырау, Маңғыстау, Павлодар облыстарында жұмыс сапалы түрде ұйымдастырылған. Сонымен қатар, Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының әкімдері медициналық ұйымдарды техникалық қамтамасыз етуге және халықты бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарына тіркеуге ерекше назар аудару қажет», - деді ол. 
Сондай-ақ, ол министрлікпен өңірлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін айтты.
«Әрбір азамат мемлекет тарапынан қандай медициналық көмек тегін көрсетілетінін және әлеуметтік медициналық сақтандырудың жаңа жүйесі қалай істейтінін нақты білуі қажет. Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрліктері, өңірлердің әкімдіктері халықтықты медициналық сақтандыруды толығымен қамту және тізімдегі адамдардың мәртебесін анықтау жұмыстарын биылғы жылдың қазан айына дейін толығымен аяқтауды тапсырамын», - деді Премьер-министр.
https://baq.kz
18 маусым 2019 ж. 1 370 0