МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ САРАПШЫЛАРЫ МҰНАЙШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне (бұдан әрі – МӘМС) кірмейтін медициналық қызметтердің жекелеген түрлері ерікті медициналық сақтандыру (бұдан әрі – ЕМС) арқылы төленуі мүмкін, мысалы: ересектерге арналған стоматология, зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлер үшін міндетті мерзімдік тексерулер, санаториялық-курорттық емдеу және т.б. Барлығы кәсіпорынның қалауы мен қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты, деп атап өтті қор сарапшылары. Жеке тұлға немесе кәсіпорын (Ұжымдық шарт негізінде) МӘМС пакетінде қызметтерді қайталамайтын ЕМС қызметтер пакетін таңдай алады.

ТМККК пакетінің мақсаты - шұғыл және кезек күттермейтін жағдайларда әрбір адамға көмек көрсету, жалпы қоғам үшін маңызы бар ауруларды бақылауда ұстау.
Медициналық көмекпен барлық азаматтар қамтылады, деп атап өтті мамандар. Ең бастысы - өз денсаулығыңның қоржынына уақытылы төлеу!
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының
халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі