Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Семинарда алдымен Қызылорда облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының бас сарапшысы А. Рахимов сөз алып, қазіргі таңда халық арасында әлі де түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қажет ететін міндетті әлеуметтік медицианлық сақтандыру жүйесі туралы жан-жақтымәлімет берді. Бұл жұмыстар осы жылдың еншісінде толыққанды қолданысқа енуі керектігін тілге тиек етті.
Мұнан соң, Қызылода облысы еңбек саласындағы бақылау басқармасының бөлім басшысы С. Альшоразова еңбек шартын жасау жөніндегі мәліметтерді айтып, әрбір жұмысшыны толғандырған сұрақтар жөнінде кең көлемде мағұлмат берілетіндігін атап өтті. Семинарда көтерілген бұл мәселелерге байланысты топ жетекшісі, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басышысының орынбасары Г. Қалмақова жан-жақты ақпарат беріп, семинарға қатысушылар тарапынан түскен сұрақтарға тиісінше жауап берді. Және де әрбір ауылдық округтер мен қала, кенттерде әкімдік тарапынан бұл жұмыстар әлі де жүйелі жүргізілуі керектігін алға тартты.
А. Бисенов.