Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Салаға қолдау мол

Салаға қолдау мол

Әлеуметтік сала қашанда Ел­ба­сы назарында. Міне, биыл­ғы Жолдауда да нақты басым­дық­тар берілген. Жолдауда көр­се­тіл­гендей, өзін-өзі жұмыспен қам­ты­ған­дар мен жұмыссыздар эко­но­ми­калық өсімнің резерві са­на­­лады. Сол үшін азаматтарды нә­ти­желі жұмысқа тартудың маңызы ерекше. Бұл бағытта «Нәти­желі жұмыспен қамтуды және жап­пай кәсіпкерлікті дамыту бағ­дар­ла­ма­сы» аясында нәтижелі жұмыс жү­зеге асуда.
Сондай-ақ, бірыңғай еңбек биржасын кең ауқымда енгізіп, онда бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы барлық ақпаратты жинақтауды ен­гізудің де халық үшін тиімділігі мол. Себебі, азаматтар үйлерінде отырып-ақ, мемлекеттік қолдау шаралары туралы біліп, өздеріне сай жұмыс таба алады. Қазір зейнетақы жүйесі еңбек өтіліне байланысты төленетіндіктен, яғни, кім көп жұмыс істесе, сол көп зейнетақы алатындықтан, азаматтардың өздерінің атқаратын жұмыстарын заңдастыруға мән беруі керектігі де айтылды.
Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақының 8 процентке артуы, мүгедектерге, асыраушысынан айырылған және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасыларына арналған жәрдемақылар 16 процентке дейін өсуі, сонымен бірге, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақның еңбек өтіліне байланысты орташа алғанда 1,8 есе көбейетіндігі және кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақы енгізілетін болады.
Әлеуметтік саладағы биылғы басты жаңалық-халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тобына атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібінің жүзеге асырылуы. Жаңа жүйенің өзгешелігі жайында аудан халық арасында түсіндіру жұмыстары да кеңінен жүргізілді. Дағдарыс заманына қарамай, әлеуметтік салаға баса назар аударған Президент Жолдауындағы басымдықтарды жүзеге асыру жолында еселі еңбек етеміз.

Ғалия Тоғысова,
аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы.
12 қаңтар 2018 ж. 1 371 0