МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»құрылды.Осыған байланысты, мүдделі тараптарды аталған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ай сайын қандай көлемде жарна төлейтіні және оның қызметі туралы ақпараттар қажет екендігі белгілі.МӘМС жүйесінің құқықтық базасы 2015 жылы 16 қарашада Қазақстан Республикасының №405-V «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңымен бекітілді.Бұл Заң 8 тарау 41 баптан тұрады.Осы аталған Заңға сәйкес жеке тұлғалар 2020 жылдың 1-ші қаңтарына дейін жарна төлеуден босатылады.Азаматтық құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар 2020 жылғы табысының 1%-ын,2021 жылдан бастап 2% аударады.Жұмыс берушілер үшін жарна төлеу тәртібі өзгерген жоқ.Жұмыс берушілер жұмыскерлері үшін 2018-2019 жылдары 1,5%,2020 жылдан бастап 2% жарна аударады.Қарамағында жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалығы иелері осы тәртіп бойынша төлейді.Жеңілдігі бар санаттар(әлеуметтік осал топтар) және жұмыссыз ретінде тіркелгендер үшін жарнаны мемлекет төлейді
2017 жылдың маусым айында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» филиалдары еліміздің әрбір облыс орталықтарында ашылып,шілде айынан бастап аударымдар мен жарналар қордың есепшотына түсе бастады.Жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер және азаматтық құқықтық шарт арқылы жұмыс атқаратындардан аударымдар мен жарналар ай сайын тұрақты түрде аударылуы тиіс.Аударылған аударымдар мен жарналар ұлттық банкте сақталады және қордың ресми сайтында ашық көрсетілім табады.
Гүлсім Балмағамбетова,
«Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасы»ШЖҚ КМК ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі.